«Болашақ» орталығына жаңа автокөлік табысталды

«Болашақ» орталығына жаңа автокөлік табысталды

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Болашақ» балаларды оңалту орталығы көптен күткен қуанышқа кенелді — орталыққа жаңа автокөлік табысталды.

Жаңа көліктің кілтін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тапсырды. Бұл оқиғаның маңызы зор, өйткені соңғы сегіз жыл бойы орталықтың жеке автокөлігі болмаған еді.

Жаңа автокөлік балаларды тасымалдауды жеңілдетіп, орталық жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Балалар игілігі үшін көрсетілген қолдау мен қамқорлыққа шынайы алғысымызды білдіреміз. Өскелең ұрпаққа жасалған әрбір игі іс — олардың жарқын болашағына қосылған үлес.