
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай 25 мамыр мен 5 маусым аралығында Ақмола облысының барлық медициналық ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Акция аясында ашық есік күндері, профилактикалық тексерулер, бейінді мамандардың кеңестері, дәрігерлік қабылдаулар, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру кездесулері және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған өзге де шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгінде Ақмола облысында 0-ден 18 жасқа дейінгі 226 мыңнан астам бала тұрады. Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, олардың сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасау және салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық сақтау саласының маңызды міндеттерінің бірі.
Мұндай іс-шаралар балалар денсаулығын ерте кезеңде бақылауға, аурулардың алдын алуға және ата-аналардың медициналық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.