
Бүгін аппараттық кеңес барысында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек облыстың штаттан тыс бас психотерапевті Александр Высоцкийге Мамандыққа адалдық үшін орден табыс етті.
Бұл марапат Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен берілді.
Аталған орден көпжылдық қажырлы еңбек пен дәрігерлік борышқа адалдықтың белгісі болып табылады. Александр Анатольевич көптеген жылдар бойы өңірдегі психотерапия қызметін дамытуға және халыққа білікті көмек көрсетуге елеулі үлес қосып келеді. Кәсіби еңбектің ресми түрде жоғары бағалануымен құттықтаймыз.