Бүгін, 5 мамыр, Халықаралық акушерлер күні

Бүгін, 5 мамыр, Халықаралық акушерлер күні

Ақмола облысында 290 акушер еңбек етеді — олар күн сайын жаңа өмірдің дүниеге келуіне себепкер.
2025 жылы облыста 9 179 сәби дүниеге келді. 2025 жылдың І тоқсанында — 2 258, ал 2026 жылдың осы кезеңінде — 2 078. Осы кезеңде акушерлердің көмегімен 11 егіз дүниеге келді.

Бұл сандардың артында үлкен жауапкершілік, кәсібилік және аналарға көрсетілетін қамқорлық жатыр. Акушерлерге адал еңбегі мен жанашырлығы үшін алғыс айтамыз.