
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Амренованың төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының, прокуратураның және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылық құрамымен кеңес өтті. Кездесу барысында медициналық көмектің сапасын арттыру перспективалары мен өзекті ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.