Талдау уақыты

Талдау уақыты

Бүгін Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшысы Нариман Ермек пен прокурордың көмекшісі С. Жұмақаевтың қатысуымен Өлім жағдайларын зерделеу жөніндегі комиссияның (КИЛИ) кезекті отырысы өтті.

Отырыста ҚАЖ жүйесіндегі пациенттер арасында, сондай-ақ өзге де санаттар бойынша өлім жағдайлары қаралды. Әрбір жағдай бойынша медициналық қызметкерлердің іс-әрекеттеріне, көрсетілген медициналық көмектің уақтылығы мен толықтығына баға бере отырып, жан-жақты талдау жүргізілді. Сондай-ақ өлімге әсер еткен негізгі себептер мен факторлар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты шаралар айқындалып, тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуына бақылау күшейтілді. Ішкі бақылаудың алқалы органы ретінде КИЛИ жұмысы медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.