Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлері арасында «Өз кәсібінің үздiгі - 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңін өткізу туралы хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Өз кәсібінің үздiгі - 2026» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Байқау екі кезеңде өткізіледі:
Конкурс номинациялары:
Қатысу шарттары: Қатысушылар Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттарды ұсынады:
Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылдың 20 сәуірінен 30 сәуіріне дейін.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық деңгейде қатысу үшін ұсынылатын болады, онда конкурс нәтижелері бойынша «Өз кәсібінің үздiгі - 2026» атағы беріледі, сондай-ақ әр номинация бойынша 500 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем көзделеді.
Қосымша ақпаратты 8 (7162) 721551 телефоны арқылы алуға болады, 8777 607 00 86 Туребекова Бахыт Мейрамқызы
Медицина және фармацевтика қызметкерлерін, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдерін байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!