
Дұрыс тамақтанбау семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары және асқазан-ішек жолдарының бұзылуы сияқты түрлі ауруларға әкеледі. Сондықтан дәрігерлер дұрыс әрі теңгерімді тамақтануды ұсынады: күніне 3–5 рет аз-аздан тамақтану керек. Майлы, қуырылған, тұзды және тәтті тағамдарды шектеп, көкөністерге, жемістерге, дәнді дақылдарға, майсыз етке және жеткілікті мөлшерде су ішуге көңіл бөлу маңызды. Әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін дұрыс тамақтану өте маңызды, өйткені ол аурудың асқынуын болдырмауға көмектеседі.
#ДенсаулықүшінмаңыздыАқмола