Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Сайданғазин Диас Дәулетбекұлы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Сайданғазин Диас Дәулетбекұлы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ол «Астана медицина университеті» КЕАҚ-тың «Жалпы медицина» мамандығы бойынша, Алматы Менеджмент Университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша түлегі. Сонымен қатар Израильдегі Reichman University-де іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін және Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алған.

Сайданғазин Д.Д. еңбек жолын жеке медициналық клиникада бастаған. Әр жылдары «University Medical Center» корпоративтік қорының клиникаларында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында, Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеген. Сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығында денсаулық сақтауды басқару және кадрлық ресурстар департаментінің директоры болған. Бұдан бөлек, Астана медицина университетінде ректор аппаратының басшысы міндетін атқарушы және проректор қызметтерін атқарған.