Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының қызметі туралы 2025 жылғы есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының қызметі туралы  2025 жылғы есебі
  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы медициналық ұйымдар мемлекеттік қызметтерді 39 қызмет көрсетуші арқылы ұсынады (бұдан әрі – Есепте облыстың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер қамтылған).

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Облыстың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары мемлекеттік қызметтің 30 түрін көрсетеді. Оның 2 түрі ақылы негізде, 28 түрі тегін негізде көрсетіледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 6 883 156, оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы – 3;

электрондық түрде – 68 004 (0,9%);

қызмет көрсетушілер арқылы – 502 (қағаз нысанда);

қызмет алушымен тікелей байланыссыз, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 113 289 (1,6%);

қызмет алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы – 6 701 358 (97%).

 

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
         2025 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдау негізінде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу (77 645); Дәрігердің қабылдауына жазылу (5 924 195); Дәрігерді үйге шақыру (49 414); Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру (58 355); Жедел медициналық жәрдем шақыру (237 303); Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде науқастарды стационарға жатқызуға жолдама беру (Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы) (67 842); Міндетті алдын ала медициналық тексеруден өту (16 582); Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру (3 678); Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер мен медициналық бұйымдар беру (351 582).

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары.

         Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат облыстық баспа басылымдарында мерзімді түрде жарияланады, сондай-ақ медициналық ұйымдар мен басқарманың ресми интернет-ресурстарында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады. Бұдан бөлек, ақпарат медициналық ұйымдардың ғимараттарындағы ақпараттық стендтерде қолжетімді жерлерде орналастырылған.

         3)  Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.)

         2025 жылы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шараларын өткізді. Облыстың 39 медициналық ұйымында электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін «E-GOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 2025 жылы «E-GOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 71 534 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіштерін жақсарту жоспарына сәйкес, облыста мемлекеттік қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың басшылары апта сайынғы аппараттық кеңестерде тыңдалды.

         2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарына сәйкес, барлығы 25 семинар-кеңес, дөңгелек үстелдер және қоғамдық кеңес отырыстары өткізілді.

         Ақмола облысы бойынша 2025 жылға арналған жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттандыру жоспарына сәйкес, қызмет көрсетушілер тарапынан ай сайын халық арасында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында      2025 жылдың қаңтар айында ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир, сондай-ақ «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК-да 1 тікелей эфир өткізілді.

         Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 11 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы ақпан айында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді.
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 20 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы наурыз айында ресми Instagram парақшасында 2 тікелей эфир өткізілді, сондай-ақ «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК және «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-де 1 тікелей эфирден өткізілді.

         Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 5 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы сәуір айында «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК-де 1 тікелей эфир өткізілді.

         Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 14 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы мамыр айында «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК-нің ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді.
         Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 9 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы маусым айында «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК және Косшы қаласының №1 қалалық емханасы ШЖҚ МКК-нің ресми Instagram парақшаларында 2 тікелей эфир өткізілді.
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 24 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы шілде айында «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК-де 1 тікелей эфир өткізілді.
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 9 инфографика жарияланды.

2025 жылғы тамыз айында «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК, «Егіндікөл аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Авиценна-Бурабай» ЖШС және «Біржан сал ауданының ауруханасы» ШЖҚ МКК-де 4 тікелей эфир өткізілді.

         Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 9 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы қыркүйек айында «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК-де 1 тікелей эфир өткізілді.

         Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 15 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы қазан айында Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді.
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 9 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы қараша айында Көкшетау жоғары медициналық колледжі мен Сандықтау аудандық ауруханасының ресми Instagram парақшаларында 2 тікелей эфир өткізілді. Сонымен қатар, «Бұланды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК 2025 жылғы 21 қарашада «Bulandy Aqparat» газетінің №47 (497) санында халықты мемлекеттік қызметтің 13 түрі бойынша ақпараттандыру мақсатында жарияланым орналастырды.
         Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 17 инфографика жарияланды.

         2025 жылғы желтоқсан айында Көкшетау жоғары медициналық колледжі, Целиноград аудандық емханасы және Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының ресми Instagram парақшаларында 3 тікелей эфир өткізілді.

         Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 5 инфографика жарияланды.

 

         2025 жылдың басынан бастап әрбір медициналық ұйымда (39) мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары және оларды ұсыну тәртібі туралы ақпараттық стендтер рәсімделді.

         Халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуы үшін ғимаратта барлық қажетті құралдармен жабдықталған «өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында 34 маман біліктілігін арттыру курсынан өтті. Оның ішінде «Мемлекеттік басқаруды дамыту: Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбындағы «Сындарлы шешім» фирмасында 18 маман, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру және ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында 12 маман. 3 маман Astana-Gold Қазақстандық кәсіптік оқыту орталығында өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру. Жанжалды жағдайларды басқару және халықаралық тәжірибені қолдану». (Біліктілікті арттырудан 33 маман өтті, оның ішінде: Бұланды АА — 14, Виамедис (Көкшетау қ.) — 12, Целиноград АЕ — 2, « ЖАНУЯ» ЖШС — 3, КЖМК-2)

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне және Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

         2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Денсаулық сақтау басқармасына қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.

         2024 жылғы 13 желтоқсандағы №193–Ө «2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыстың 8 медициналық ұйымында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында бақылау іс-шаралары бойынша шығу жүргізілді.Тексеру қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың бірінші басшыларына анықталған бұзушылықтар, деректер сәйкессіздігі және оларды жою бойынша қабылданған шаралар көрсетілген бақылау іс-шараларының актісі ұсынылады.

         Бақылау іс-шаралары барысында Басқарма тарапынан мынадай бұзушылықтар анықталады:

  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ақпараттық-түсіндіру жұмысының әлсіз жүргізілуі;
  • есептік деректердің сәйкессіздігі;
  • ресми интернет-ресурстарды сапасыз жүргізу;
  • 2024 жыл ішінде ҚР ДСМ порталдарында (РПН, БГ, ЭРСБ, ИСЛО, ЭРДБ) мерзімді іркілістердің орын алуы.

         Қазіргі уақытта бұзушылықтардың себептерін жою мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді:

         – анықталған ескертулерді жою жөніндегі ұсынымдармен тиісті тексеру актілері жасалды.

         Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қызмет көрсетушілердің 1 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, ескерту түріндегі жаза қолданылды.

         4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

         Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау барысында қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін одан әрі тиімді арттыру перспективалары

         Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, сондай-ақ 2025 жылға арналған ҚР мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді. Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі — азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалау өлшемдерінің бірі — азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі болып айқындалған. 2025 жылға арналған медициналық ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер және ұсынымдар dzo@akmzdrav.kz электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.