
Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. 2025 жыл қорытындысы бойынша баяндама жасаған денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек қойылған әрбір міндет пен басым бағыттарға жеке-жеке тоқталды.
Қатысушылар алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, кадрларды тұрақтандыру, инфрақұрылымды жаңғырту, жабдықтарды жаңарту және төсек қорын оңтайландыру мәселелерін талқылады. Жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, әсіресе ауылдық жерлерде, басты назарда болды.
Алқа отырысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, медициналық және фармацевтикалық бақылау өкілдерімен кәсіби диалог алаңына айналып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша міндеттер мен алдағы қадамдарды нақтылауға мүмкіндік берді. Алтынай Әмренова Мемлекет басшысының тапсырмалары мен ұлттық басымдықтар аясында денсаулық сақтау саласын дамытуда барлық буындардың жүйелі әрі үйлесімді жұмысы шешуші мәнге ие екенін атап өтті. Ол басты басымдық – адам, оның денсаулығы, қауіпсіздігі және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі екенін ерекше айтты.