21.01.2026 ж. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Е. «Amanat» партиясының филиалының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдады.

21.01.2026 ж. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Е. «Amanat» партиясының филиалының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауға сондай-ақ «Виамедис Көкшетау» ЖШС өкілдері, Ақмола облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің әдістеме және бақылау бөлімі, «Виамедис Көкшетау» ЖШС Пациенттерді қолдау орталығы, сондай-ақ облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері қатысты.

  • Кездесу барысында халықты алаңдататын өзекті мәселелер қаралды:
    дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • бейінді мамандарға қабылдауға жазылу;
  • мүгедектікті қалпына келтіру және рәсімдеу;
  • медицина қызметкерлеріне қатысты еңбек заңнамасының сақталуы;
  • өндірістік жарақатқа байланысты мүгедектік алу;
  • инватакси қызметтерін көрсету мәселелері.

Тұрғындардың барлық өтініштері мұқият тыңдалды. Әрбір мәселе бойынша түсіндірмелер беріліп, оларды шешу үшін алдағы қадамдар айқындалды.

Халықпен ашық диалог жүргізу – басым бағыт болып қала береді.