Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Н.Е. және оның орынбасары Сайдангазин Д.Д. жұмыс сапарымен «Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасына» барды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Н.Е. және оның орынбасары Сайдангазин Д.Д. жұмыс сапарымен «Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасына» барды.

Аурухана басшылығымен бірге олар қабылдау бөлімі, уақытша бөлімдер мен жөндеу жұмыстары жүріп жатқан қабаттарды аралап, медициналық персоналдың жұмыс жағдайы мен науқастардың жайлылығына көңіл бөлді. Кездесу барысында ағымдағы мәселелер ашық талқыланып, олардың кезең-кезеңімен шешу жолдары қаралды.

Сапар қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді:
✔дағдарысқа қарсы мамандар тобын тарту,
✔жөндеу жұмыстарын жеделдету және түзету,
✔қаржылық бақылауды күшейту және басқарушылық тәртіпті арттыру, сондай-ақ дәрігерлер мен барлық персоналдың жұмысын қайта қарау.

Негізгі мақсат — аурухананың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, қала тұрғындарына медициналық көмектің сапасын арттыру.