
Президенттің сұхбатынан мен ең басты ойды анық түсіндім: Қазақстан шынымен де жаңғыртудың жаңа, неғұрлым кемел әрі жауапты кезеңіне қадам басты. Бұл енді жай декларациялар немесе жекелеген реформалар емес, мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік саланың сапалы жаңа деңгейге жүйелі түрде көшуі.
Президенттің технологияларға ғана емес, ең алдымен адамдарға, институттарға және басқару тәсілдеріне басымдық беруі аса маңызды. Цифрландыру мен жасанды интеллект мақсаттың өзі ретінде емес, тиімділікті, ашықтықты және әділеттілікті арттырудың құралдары ретінде қарастырылып отыр. Бұл — түбегейлі дұрыс ұстаным.
Денсаулық сақтау саласының басшысы ретінде мен бұл үндеуді тікелей қабылдаймын.
Медицина үшін жаңғыртудың жаңа кезеңі мыналарды білдіреді:
– формалды әкімшілендіруден деректер мен талдауға негізделген басқаруға көшу;
– цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті «есеп үшін» емес, медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігі үшін енгізу;
– басқарушы рөлін қайта қарау — бақылаушыдан белгісіздік пен жылдам өзгерістер жағдайында жұмыс істей алатын көшбасшыға айналу.
Президент адами капиталдың маңызын ерекше атап өтеді. Денсаулық сақтау саласында бұл — кадрларды: дәрігерлерді, басқарушыларды, аналитиктерді, жаңа буын басшыларын басымдықпен дамыту деген сөз. Онсыз кез келген инфрақұрылымдық немесе технологиялық инвестициялар тұрақты нәтиже бермейді.
Реформалардың қайтымсыздығы туралы тезиске де ерекше тоқталғым келеді. Өңірлік деңгейде бұл біз үшін нақты бағдар: барлық өзгерістер тұлғаларға тәуелді болмай, жүйеге берік енгізілуі және кері қайтпайтындай болуы тиіс.
Мен үшін бұл сұхбат — айқын белгі:
денсаулық сақтау мәселелерге тек жауап беретін ведомство емес, заманауи басқару құралдарын қолдана отырып, адамдар алдындағы жоғары жауапкершілікпен, ұлттық жаңғыртудың алдыңғы қатарлы қозғаушы күштерінің бірі болуы тиіс.
Дәл осы бағытта біз қозғалуымыз қажет.
Н.Е. Ермек.