
Жоспарлы көмекке мыналар кіреді:
жақ немесе тістің рентгенографиясы, пломба салу, жергілікті жансыздандыру қолдана отырып тісті қарапайым және күрделі жұлу.
Шұғыл стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі:
🔹18 жасқа дейінгі балаларға;
🔹 жүкті әйелдерге;
🔹ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
🔹 I, II, III топтағы мүгедектерге;
🔹«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға;
🔹атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
🔹жасына байланысты зейнеткерлерге;
🔹инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулары бар науқастарға.
📌 Көкшетау қаласының балалар халқына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек келесі медициналық ұйымдарда көрсетіледі:
🔹 «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК;
🔹 «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» ШЖҚ МКК;
🔹Көкшетау қаласындағы «VIAMEDIS» ЖШС филиалы;
🔹 «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК.