КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-үй, 2-қабат, №201 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7162) 72-26-13, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бурабай аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Бақылау кеңесінің мүшесі лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, АОА шағынауданы, 1В ғимарат.

         Конкурс өткізілетін орны:
020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-үй, 2-қабат, №214 кабинет.

         Кандидаттарға қойылатын талаптар

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың Бақылау кеңестеріне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
жоғары білімінің болуы, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі:

  1. денсаулық сақтау саласында және (немесе) ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика, қаржы, бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  2. денсаулық сақтау саласында және (немесе) ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика, қаржы, бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  3. денсаулық сақтау және (немесе) экономика, бизнес, құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік етуі.

         Конкурсқа өтінімдерді ұсыну мерзімі мен тәртібі

Конкурсқа өтінімдерді ұсыну мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.

Құжаттар топтамасы мына мекенжай бойынша қабылданады:
020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-үй, №218 кабинет.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
  2. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  3. өмірбаян (еркін нысанда);
  4. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшесі берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

         Қосымша ақпарат

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгені туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсынуға құқылы.

         Конкурсқа өтінімді рәсімдеу тәртібі

Кандидат конкурсқа өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деген белгісі бар конвертке салып, конверттің сыртына өзінің тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайын көрсетеді.
Одан кейін бұл конверт сыртқы конвертке салынады.

Ішкі және сыртқы конверттерде:

  • жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жолданғаны көрсетілуі;
  • «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бурабай аудандық емханасы» МКК Бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы» деген жазу, сондай-ақ «2026 жылғы 05 ақпан сағат 11.00-ге дейін ашпау» деген белгі болуы тиіс.

Конкурсқа өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тілде бір данадан ұсынылады.

         Құжаттарды қабылдау мерзімдері

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні – хабарландыру жарияланған күннен бастап.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.