
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде қант диабетімен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге қатысты материалдар жариялануда. Осыған байланысты Ақмола облысының тұрғындарын хабардар еткім келеді.
Бүгінгі таңда қант диабетімен ауыратын пациенттерге арналған дәрілік препараттар өңірдің барлық медициналық ұйымдарында жеткілікті мөлшерде, тіпті қорымен бірге бар. Инсулинді қоса алғанда, дәрілік заттармен қамтамасыз етуде жүйелі іркілістер тіркелген жоқ.
Айта кету керек, Ақмола облысында инсулинотерапияда тұрған 3689 пациент бар. Инсулинотерапия алғаш рет тағайындалған пациенттер үшін қосымша сатып алу жүргізілді.
Өңірдегі қант диабетімен ауыратын науқастардың жалпы саны – 22 578 адам, оның ішінде 1 түрі – 1 065, 2 түрі – 21 511.
Ақмола облысы бойынша 2025 жылға «Қант диабеті» нозологиясы аясында амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қажеттіліктің түзетілген есептері инсулин құрамды дәрілік заттардың 13 атауы бойынша қалыптастырылды.
Сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдары «Қант диабеті» нозологиясы бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында инсулин құрамды препараттардың қосымша 12 атауына өтінімдер ұсынды.
2025 жылғы 24.12. жағдай бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде өңірдің медициналық ұйымдарына жалпы сомасы 1 057 763 179 теңгеге дәрілік заттар жеткізілді.
Сонымен қатар «Дәрілік қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесінде (ИСЛО) медициналық ұйымдар арқылы 1 025 516 360 теңге сомасына рецепттер қамтамасыз етілді (97%).
Өңірдің медициналық ұйымдарындағы инсулин құрамды дәрілік заттардың қалдығы 32 246 918 теңгені құрайды.
Дәрілік препараттарды алу кезінде сұрақтар немесе қиындықтар туындаған жағдайда, ең алдымен өзіңіздің медициналық ұйымыңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне жүгінулеріңізді сұраймыз.
Егер мәселе осы деңгейде шешілмесе немесе жекелеген өзара іс-қимыл қажет болса, Ақмола облысы бойынша СК-Фармация аймақтық өкілдігіне келесі нөмірлер арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
87162551240
87162551199, сондай-ақ бірыңғай call-орталықтың 1439 нөміріне.
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эндокринологы
Кенжетаева Нурила Кулыбековна