Әр жеңістің артында еңбек жатыр

Әр жеңістің артында еңбек жатыр

Бүгін денсаулық сақтау басқармасының алқасы қорытындыланғаннан кейін «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көшбасшысы» конкурсының нәтижелері жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, конкурс бір ай бойы өтті.

Бағалау қорытындысы бойынша бірінші орын Астрахан аудандық ауруханасына берілді. Екінші орынды Атбасар аудандық ауруханасының ұжымы иеленсе, үшінші орын «Жанұя» отбасы денсаулығы орталығына бұйырды.

Конкурс бастапқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы үздік тәжірибелерді анықтауға, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.