
Соңғы екі жылда Ақмола облысында АИТВ-ның бірде-бір вертикальды жұғу жағдайы тіркелген жоқ. Бұл көрсеткіш мамандардың тиімді профилактикалық және емдеу жұмыстарының, сондай-ақ уақытында медициналық ұйымдарға жүгінген әйелдердің сенімінің арқасында мүмкін болды. Бұл туралы Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте хабарлады.
«Бүгінгі оң нәтижелерге жүкті әйелдерді ерте тестілеу, антиретровирустық терапиямен қамтуды арттыру және үздіксіз медициналық қолдау көрсету арқылы қол жеткізілді», - деп атап өтті Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері - Нурлан Ахильбеков.
2025 жылдың он айында аймақта инфекцияның 108 жаңа жағдайы анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштің аздап төмендегенін көрсетеді. Негізгі берілу жолы қорғалмаған жыныстық қатынас, ол 80 %-дан астамды құрады.
Бас дәрігердің айтуынша, бүгінде АИТВ жұқтырған әрбір әйел медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын орындаса, дені сау баланы дүниеге әкеле алады. Бұл адам өзінің жағдайын біліп, ем қабылдаса, АИТВ-инфекциясының бақылауда екенінің дәлелі.
Бүгінгі таңда елімізде дені сау балалардың дүниеге келуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Медицина қызметкерлері әйелдерді жүктілікке тез арада тіркелуге және дәрігердің ұсыныстарын орындауға шақырады. Жүктілік кезінде АИТВ-ға екі рет тест тапсыру маңызды. Бұл «серологиялық кезең» деп аталатын уақытқа байланысты: инфекциядан кейін вирус ағзада болады, бірақ тесттер оны бірден анықтамауы мүмкін, себебі ағзаға АИТВ-ға қарсы антиденелер өндіру үшін уақыт қажет. Бұл процесс әдетте екі аптадан үш айға дейін созылады.
Сондықтан, тестілеуді 10-12 және 28-30 апталарда жүргізу керек, ал егер анықталса, вирустың туылмаған балаға берілу қаупін азайту үшін антиретровирустық препараттармен емдеуді дереу бастау керек.
АИТВ-ны емдеу диагноз қойылғаннан кейін бірден басталатынын және мемлекет тарапынан тегін көрсетілетінін атап өту маңызды.
2025 жылдың қараша айының басында Ақмола облысында АИТВ жағдайы оң 6 жүкті әйел бақылауда болды, 17-сі босанды және 9 бала "Дені сау" диагнозымен алынды.
Қорқыныш пен алалаушылықты жеңбей медициналық жетістіктерге жету мүмкін емес. Орталық мамандары қоғамда кемсітушілік неғұрлым аз болса, соғұрлым көп адам тестілеуден өтуге, кеңес алуға және көмек алуға дайын екенін атап өтеді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында, аймақта ақпараттық іс-шаралар, жедел тестілеу акциялары және жастармен кездесулер өткізіледі.
Орталықтың алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева атап өткендей, медициналық ұйым қазіргі уақытта Жастар денсаулық сақтау орталықтарымен, қоғамдық ұйымдармен және білім беру мекемелерімен белсенді түрде ынтымақтастықта болып, жастар арасында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды және басқаларға төзімділікті қалыптастыруда.
Биылғы жылдың алғашқы он айында шамамен 1300 адамның қатысуымен, 15 алдын алу акциясы жүргізіліп, олардың 305-і жедел тестілеуден өтті. Бұл алдын алу жұмыстарында айналмалы аудио және бейнероликтер мен баннерлер сияқты сыртқы жарнама белсенді түрде қолданылады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. Биылғы жылы бұл күннің тақырыбы "АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге". Бұл ұран елдер мен қауымдастықтардың қол жеткізілген жетістіктерді қорғау және АИТВ-ға қарсы күресті ілгерілету бойынша күш-жігерін күшейткен кезде олардың төзімділігін көрсету қажеттілігін көрсетеді.
UNAIDS ресми веб-сайтында атап өтілгендей, АИТВ қызметтеріне қолжетімділікті жақсарту, стигма мен кемсітушілікті жою және әйелдердің, қыздардың және ЛГБТК+ адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін өзгерту шешімдері қажет.