Бүгінгі таңда біздің облысымызда 11 жылжымалы медициналық кешен Атбасар, «АВИЦЕННА-Бурабай» ЖШС, Целиноград, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Шортанды аудандарында қызмет атқарады. Олар шалғай және қол жетуі қиын елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Медициналық кешендер заманауи жабдықтармен жабдықталған,бұл жергілікті тұрғындарға әртүрлі медициналық тексерулер, профилактикалық қараулар мен кеңестер жүргізуге мүмкіндік береді. Әрбір кешен бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді, бұл медициналық көмектің уақтылы әрі жүйелі көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Медициналық қызмет көрсетудің бұл түрі шалғай ауылдардағы тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін едәуір арттырады және халықтың жалпы денсаулық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Жылжымалы кешендер өздерінің негізгі міндеттерін тиімді орындауды жалғастырып, денсаулық сақтаудың жергілікті деңгейде кешенді түрде іске асуына үлес қосуда.