Онкологиялық қызмет жөніндегі үйлестіру кеңесі

Онкологиялық қызмет жөніндегі үйлестіру кеңесі
Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Әмренованың төрағалығымен онкологиялық қызмет бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Жиында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс онкологы Б. Әбішев бес айдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Облыстағы онкологиялық қызмет бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ұсынылған – бұл қарау кабинеттері, аудандық онкологтар мен онкологиялық көмек көрсету үйлестірушілерінің кабинеттері, сондай-ақ көпбейінді облыстық аурухана жанындағы онкоорталықтағы онкополиклиника мен стационар.
Өңірде қатерлі ісік аурушаңдығының өткен жылмен салыстырғанда төмендегені байқалады.
2024 жылдың 25 желтоқсанынан бастап көпбейінді облыстық аурухана онкоорталығының онкополиклиникасы базасында эндоскопиялық сараптама орталығы ашылды.
Кешенді онкологиялық жоспар аясында жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр.
Әр бейсенбі сайын онкологиялық бағыт бойынша онкосағаттар өткізіледі – мұнда пациенттерді бағыттау, онкомаркерлер және скрининг мәселелері қаралады. Онкоорталықта сенбі күндері де жұмыс ұйымдастырылған (КТ, МРТ кабинеттері).
Кездесу барысында өңірдегі онкологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру қажеттігі атап өтілді – бұл үшін білікті кадрларды тарту, материалдық-техникалық базаны нығайту және қызметтің тиімділігін арттыру маңызды.