ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ Қазақстан Республикасының Президенті

 

ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген.

Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН

НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА

«ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

 

«Bilim-orkenieti» орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

ü Білім және ғылым саласының мамандары;

  • Медицина саласының мамандары;
  • Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
  • Кәсіпкерлер;
  • Қаржыгерлер, Есепшілер;
  • Қоғам қайраткерлері;
  • Ауыл-шаруашылық мамандары;
  • Энергетика саласының мамандары;
  • Ақпарат саласының мамандары.
  • Заң саласының қызметкерлері,
  • Әскери қызметкерлер,
  • Экономистер;

 

  • Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
  • Әлеуметтік қызметкерлер;
  • Дарынды жастар;
  • Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
  • Мемлекеттік қызметкерлер;
  • Құрылыс саласының мамандары; Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.

Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар astana-20s@mail.ru электронды почтасына 2022 жылдың қыркүйек айының 25-не дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары «Bilim-orkenieti» орталығының атынан «ҚР жылдың үздік маманы» энциклопедиясы, «ҚР жылдың үздік маманы» төсбелгісі, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен төсбелгі табыс етіледі.

 

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/ Электронды почта: astana-20s@mail.ru Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8778-629-80-35, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50