Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

30 тамызда Қазақстан халқы маңызды мемлекеттік мерекелеріміздің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін тойлайды.

Ата заң – бұл адамның құқықтары мен бостандығының сақталуының сенімді, сондай-ақ мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Осы құжаттың арқасында біз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолымен болашаққа нық қадам басамыз.

Сіздерді осы мейраммен шын жүректен құттықтаймын және Сіздерге денсаулық, бірлік, татулық, бақыт және сәттілік тілеймін. Еліміз аман, келешегіміз кемел болсын!

 

Құрметпен,

Ақмола облысының ветеринария

басқармасының басшысы Т.Жүнісов