Абай – пайда ойлама, ар ойла

Абай – пайда ойлама, ар ойла

2021 жылдың 27 шілдеде Ақмола облысы ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Жүнісовтің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Абай – пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында басқарманың бөлім басшылары мен қызметкерлері Ұлы Абайдың қара сөздерінің мәнін, мағынасын терең ашу, бүгінгі күнмен байланыстыру, пікір алмасу, ой қозғау, қызметкерлердің сөйлеу тілін жетілдіру мақсатында шығармашылығымен бөлісті.

Абай поэзиясының ерекшелігін таныту арқылы қызметкерлерді адамгершілікке, сұлулыққа, отансүйгіштікке баулуда Абай әлемін жаңа бағыттағы іздену арқылы мазмұнды, мағыналы шараларды өткізуде дөңгелек үстел барысында іс-тәжірибе алмасудың берері мол.