Басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасындағы Онлайн семинар

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасындағы Онлайн семинар

   2021 жылдың 26 мамырында Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілінің қатысуымен ветеринария басқармасының өкілдері және ветеринариялық станциясының басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша ZOOM арқылы онлайн кеңес өткізілді.

Кеңеске Ақмола облысының ветеринария басқармасының басшысы мен қызметкерлері, аудан мен қалалардың ветеринариялық станцияларының басшылары мен мамандары қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілімен мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестрілген мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық саласындағы заңнама нормасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ветеринария басқармасының әдеп жөніндегі өкілімен басқармадағы әдеп және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Басқарманың қызметкерлері ветеринарлық станциялардыңғ басшылары мен қызметкерлеріне санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қолайлықты қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығына зиян келтіруді болдырмау, жағдай жасауға бағытталған қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау мен жоюға қатысты түсініктеме берді.