Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізіп, «Ақмола облысы ветеринария басқармасы» ММ-де азаматтарды қабылдады

Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізіп, «Ақмола облысы ветеринария басқармасы» ММ-де азаматтарды қабылдады

 Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагуль Балгужевна Жанадилова мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізіп, «Ақмола облысы ветеринария басқармасы» ММ-де азаматтарды қабылдады.

Сондай-ақ кеңеске бейне байланыс арқылы аудандар мен Степногорск қаласының аумағындағы Ақмола облысы ветеринария басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесу еркін диалог форматында өткізіліп, онда мемлекеттік қызметшілер өздерінің сұрақтарын қойып, әртүрлі мәселелер мен ұсыныстарды талқылай алды.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкілі Айнагуль Жанадилова мемлекеттік қызметшілердің әдебін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандырды.

Сондай-ақ кеңес барысында Ақмола облысы ветеринария басқармасының әдеп жөніндегі өкілі Досхан Жамантаев 2020 жылдың қызметінің қорытындысы туралы ақпараттандырды.

Айнагуль Жанадилова кездесуді қорытындылай келе, әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырып, жоғарғы кәсіби және адами құндылықтарды сақтау үшін заңдылық пен әдеп нормаларын мүлтіксіз орындау болып табылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Айнагуль Жанадилова мемлекеттік қызметшілерді қызықтырған мәселелер бойынша азаматтарға жеке қабылдау өткізді.