8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі

«Ақмола облысы ветеринария басқармасы» ММ-де 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

         Ақмола облысы ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Ағасұлтанов 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, қызметтің қай түрін алса да, әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес. Әйелдер қауымы Барлық қызмет саласында табысты жұмыс істесе де – ең алдымен жан-ұяның ұйытқысы, нәзік жандылардың арқасында балалардың тәрбиесі, көптеген істер мен басқа да ауыртпалықтар іске асады.

         Көп жылғы адал еңбегі мен Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен экономика, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Сәуле Балтабаева марапатталды.

         Қ.Ағасұлтанов әйелдер қауымының қоғам үшін жасалып жатқан ерен және жанқиярлық еңбектері үшін алғыс білдірді.