Ақмола облысы аумағында құс тұмауы жағдайы және ауруды болдырмау мен таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Ақмола облысы аумағында құс тұмауы жағдайы және ауруды болдырмау мен таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ұлттық референттік орталықпен өткізілген зерттеуі және анықтау нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында үй құстарының өліміне байланысты құс тұмауының орын алғандығы жарияланды.

Аталған жағдайды ескере отырып, Ақмола облысының ветеринария қызметімен облыс аумағы ерекше бақылауға алынды.

Ақмола облысының ветеринариялық қызметімен ведомстваның өкілетті органының аумақтық құрылымдары және өңірдік әкімдіктерімен өңірдің құстарын тексеру бойынша шаралар қабылданып, үй құстарының дала құстарымен байланыс орнатудың алдын-алу мақсатында қамауда ұстау бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қауіп төнген аумақтарда тұмауға қарсы құстарға екпені жүргізу мен алдын-алу шараларының туындау қажеттілігіне байланысты ветеринария басқармасымен вакцинаның қажеттілігі есептеліп, ҚР Ауышашылығы министрлігіне 510,3 мың мөлшерде вакцинаға өтінім жіберілді.

Облыс аумағында тұрақты жағдайды қамтамасыз ету құс тұмауының жоғарыпатогендігіне байланысты Ақмола облысының ветеринария басқармасы барлық меншік түрінің субъектілеріне құс өлімі, бір мезетте бірнеше құстың ауырғанында немесе олардың белгісіз жүріс-тұрысында ветеринария қызметіне хабарлауды сұрайды.

Ветеринария саласындағы мамандардың, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлардың келуіне дейін ауырған құстарды қамауға шара қолдануды сұраймыз.