Ақмола облысының 6 ауданында құстың өлімі тіркелген.

Ақмола облысының 6 ауданында құстың өлімі тіркелген.

Ақмола облысының 6 ауданында 400 бас құстың өлімі тіркелген. Атап айтқанда, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Зеренді және Жарқайың аудандарында.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ветеринариялық медицина бойынша ұлттық референттік орталығы» ШЖҚ РМК-нің 2020 жылғы 20 қыркүйектегі №1-233-20-В зерттеу нәтижелері бойынша, Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылына түскен материалдардан құс тұмауының ауруы анықталған. Қазіргі таңда аталған елді мекенде карантин белгіленді. Ветеринариялық қызмет патологиялық материалдарды диагностикалау үшін зертханаға жібереді.
Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігіне көлдер мен өзендер бойында орналасқан елді мекендердің малдарын вакцинациялау үшін құс тұмауына қарсы 510 300 доза вакцина бөлу туралы өтініш жіберді.
Құс тұмауының алдын алу және құстардың жабайы, синантропты құстармен (қарғалар, көгершіндер, торғайлар және т.б.) жанасуын болдырмау, құстарды жабық типтегі тұрғын үйге ауыстыру жөніндегі іс-шаралардың қабылдануына жедел ден қою мақсатында құс фабрикаларының басшыларымен, тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ветеринария қызметкерлері құс фабрикаларында, фермаларда, синантропты және қоныс аударатын құстардың популяциясын күнделікті клиникалық тексеруден өткізеді. Сондай-ақ, көші-қон жолдарындағы, жаппай шоғырланған және құстар ұялаған жерлерде жабайы фаунаның мониторингі жүргізіліп, су объектілері бақылануда.
Құстардың өлім-жітімін бақылау жұмысы күнделікті негізде жүргізіледі.