Атмосфералық ауа сапасының мониторингiн жүргiзуге арналған AirKZ мобильдiк қосымшасы

Атмосфералық ауа сапасының мониторингiн жүргiзуге арналған AirKZ мобильдiк қосымшасы

2018 жылы Қазгидромет Қазақстанда атмосфералық ауа сапасының мониторингiн жүргiзу мақсатында AirKZ мобильдiк қосымшасын iске қосты. Деректер сағат сайын жаңартылады. AirKZ-те мониторинг мәлiметтерiнен басқа, әрбiр заттың сипаттамасы және оның адам денсаулығына әсерi туралы ақпарат бар.

Бағдарламаны iOS және Android-та жүктеп алуға болады. Ендi Қазақстанның тұрғындары мен қонақтары елiмiздiң кез келген нүктесiнде атмосфералық ауаның сапасы туралы бiле алады. Мобильдi қосымша картасында барлығы 46 елдi мекен бар. Пайдаланушы қажеттi орынды қолмен таңдай алады немесе геолокацияны пайдалана алады.

  • Қосымша таңдалған постының ауасындағы ластаушы заттар концентрациясының негiзгi көрсеткiштерiн көрсетедi (жинақтауға байланысты):
  • азот диоксидi (NO2);
  • азот оксидi (NO);
  • өлшенген бөлшектер РМ10;
  • өлшенген бөлшектер РМ2.5;
  • шаң;
  • күкiрт диоксидi (SO2);
  • күкiрт сутегi (H2S);
  • көмiртегi оксидi (CO)

Әрбiр зат бойынша концентрация деңгейiн мкг/м3 және түс шкаласы бойынша шектi рұқсат етiлген концентрацияға қатысты қарауға болады: Жасыл-ластанудың төмен деңгейi; сары-жоғары деңгей; қызғылт сары-жоғары деңгей; Қызыл — өте жоғары деңгей.

Мысалы, Көкшетау қаласы Вернадский көшесi 46Б көмiртегi оксидi бойынша– 165, азот диоксидi бойынша — 0,7, күкiрт диоксидi бойынша — 1,6, РМ-10 -2,3 өлшенген бөлшектерi бойынша, РМ-2,5 -3,1 өлшенген бөлшектерi бойынша көрсеткiш. Бұл қосымшада көрсетiлгендей, ластанудың төмен деңгейiн бiлдiредi. Ал азот оксидi бойынша көрсеткiш — 200 қызғылт сары түспен бөлiнген, бұл концентрацияның жоғары деңгейiн бiлдiредi.

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында интерактивтi карта көмегiмен атмосфералық ауа жағдайын бақылауға болады.