Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғ. Әбдіхалықов және Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы басшысының  м. а. Ризанов А. «Aqmola аdaldyq аlany» алаңында азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында өтініш берушілерге бау-бақша және саяжай құрылысы, коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелерін берудің негізгі нормалары, сондай-ақ монументті құрылыстар салу үшін учаскелерді беру тәртібі түсіндірілді.