Жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі

Жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі

      Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Г. Әбдіхалықовтың төрағалығымен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі өтті.
      Кеңес жұмысына облыс басшылары, осы бағытқа жетекшілік ететін аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ өкілдері қатысты.
      Кеңес барысында жерді сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы тарту, елді мекендердің әкімшілік шекараларын белгілеу, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру, жерді космомониторингтеу, жер комиссияларын онлайн трансляциямен өткізу және басқа да өзекті тақырыптар бойынша жұмыс нәтижелері талқыланды.
      Барлық қозғалған мәселелер бойынша өткізілген кеңес нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау тапсырылды.