Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

Кез келген мемлекеттің негізгі байлығы оның жер ресурстары болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес наурыздың екінші сенбісі Қазақстан Республикасында «Жерге орналастыру, геодезия және картография күні» ретінде мерекелік күн болып белгіленді.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Г. Әбдіхалықов салтанатты жиналыс өткізді, онда жерге орналастыру саласының қызметкерлері А.Қ. Мұханова, Н.Б. Кантаев, Ә.Б. Жүнісқан, Д. Б. Жұманазаров,  Ж. О. Хабдин, Б. Қ. Біржанов, Д. Т. Өтебай, А. С. Шабантаева, В.В. Кудельская, Р.С. Ахметова, Ж.Б. Мұқанова, А.Қ. Вазиров,  Г.Г. Аубакирова, А.Х. Ахметова, Н.А. Мұханбеджанов, А.А. Балташева, А.М. Данияров, Д.К. Оспанов, А.Ш. Урдабаева, Д.А. Отарбаев, Ж.С. Абдыкасымова, Ж.Г. Билялов, Ж.Ж. Тұрмұхамбетов, Б.Т. Көлгазин, А.К. Аубакиров, Ж.Г. Жаркенов, Н.К. Баубекова, Г.Ж. Қожағұлова, М.Е. Жанділдин, А.Ж. Шәріпов, А.Т.Доспаева облыс әкімінің және облыс әкімінің орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша жерге орналастырушы - бас сарапшысы Ермек Абайұлы Жакатов ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің «Құрметті жерге орналастырушы» төсбелгісімен марапатталды.

Жер - Қазақстан халқының игілігі болып табылады, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық негізін қалыптастыратын біріктіруші бастама болып табылады.

Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлерінің барлығын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз, зор денсаулық, табыс және өркендеу тілейміз.