Пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын өз еркімен қайтару

Пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын өз еркімен қайтару

ҚР жер заңнамасына сәйкес негізгі санаттағы жерлердің бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болып табылады.

Мемлекет Басшысы 2021 жылғы 26 қаңтардағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында, жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы тиіс екенін атап өтіп, пайдаланылмаған жерлерді ағымдағы жылдың соңына дейін қайтаруды тапсырды.

Осыған байланысты, пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстарды күшейту жер қатынастары саласындағы басты басымдық болып табылады.

ҚР Жер кодексінің 65-бабының 1-тармағына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті.

Алайда, жерді иеленетін және оларды пайдаланбайтын немесе ұтымсыз пайдаланатын, сондай-ақ мақсатсыз пайдаланатын жер пайдаланушылар бар.

ҚР Жер кодексінің 92-бабының 3-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, онда мұндай жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 82 бабына сәйкес меншік иесі жер учаскесіне жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тартуға құқылы.

Осылайша, жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбайтын жер пайдаланушылардан оларды ерікті түрде мемлекеттік меншікке қайтару бойынша шаралар қабылдауын сұраймыз.

Толық ақпарат алу үшін Сіз жер учаскесінің орналасқан жері бойынша аудандық (қалалық) жер қатынастары бөліміне жүгіне аласыз.