Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы басшысының брифингі

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы басшысының брифингі

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында «Арқа Ажары», «Ақмола Медиа орталығы», «Aqmola News», сондай-ақ «Қазақстан Көкшетау» TV бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы» ММ-нің басшысы А. А. Кадралинаның брифингі өтті.

Осы брифинг барысында басқарма басшысы Алмагүл Аманжолқызы облыстың жер қатынастары саласындағы төмендегі мәселелерді баяндады:

  1. Учаскелерді конкурстар мен аукциондар арқылы беру.
  2. Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету.
  3. Жер қатынастары саласындағы цифрландыру.
  4. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік.
  5. Жеке аулаға арналған жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі.
  6. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерін беру.
  7. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының 2020 жылғы сот жұмысы.
  8. «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салу.
  9. Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының нормаларын түсіндіру.

Брифинг қорытындысы бойынша басқарма басшысы БАҚ тілшілерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді.