Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың негізгі қызметінің мәселелері бойынша кеңес

Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың негізгі қызметінің мәселелері бойынша кеңес

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары А.Ризановтың төрағалығымен, ағымдағы жылғы 25 қарашадан бастап  4 желтоқсанға дейін ZOOM арқылы Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Ерейментау, Есіл, Егіндікөл аудандарының әкімдіктерімен жер қатынастары саласындағы негізгі қызмет мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Аталған кеңестің жұмысына аудандар мен қалалар әкімдерінің осы бағытқа жетекшілік ететін орынбасарлары, аудандардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жерді тарту, халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету, елді мекендердің әкімшілік шекараларын белгілеу, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру, ауыл шаруашылығы жерлерін космомониторингтеу және басқа да өзекті тақырыптар бойынша жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Сонымен қатар, бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін әзірлеу мақсатында кеңеске қатысушылармен ҚР жер заңнамасына енгізілген негізгі жаңалықтар талқыланды.

Барлық көтерілген мәселелер бойынша өткізілген кеңес нәтижелері бойынша аудандар мен қалалардың жер қатынастары бөлімдерінің басшыларына қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау және жұмыста айтылған ақпаратты басшылыққа алу тапсырылды.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау қажеттігі туралы жеткізілді.