«Қоғамдық келісім» мекемесінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары, облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Д.Айтбаев Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің және қоғамдық құрылымдардың өкілдерімен кездесті. Шара барысында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі - этносаралық қатынас пен қоғамдық келісімді сақтау саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі айтылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтуге арналған жобалар талқыланды.
Жалпы, Ассамблеяның мерейтойлық жылы аясында қоғамдық келісімді нығайтуға, достық пен бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ірі жобалар, ғылыми-практикалық конференциялар, этномәдени фестивальдер, қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарланған. Жыл басынан бері қоғам белсенділерінің, этнос өкілдерінің, жастардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Кездесу соңында облыстың тұрақтылығы мен дамуына елеулі үлес қосқан белсенді тұлғаларға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдарын тапсыру рәсімі өтті.