2025 жылғы 18 сәуір сағат 11.00-де Көкшетау қ. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысындағы қазақ тілі оқытушыларының Тіл форумы өтті. Шара басталмас бұрын қатысушылар тақырыпқа сәйкес дайындалған көрмені тамашалады.
Салтанатты жиын Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Тоқтарқызы Кәрімованың құттықтау сөзімен ашылды. Шараның модераторы – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасының директоры Оспан Қуаныш Ерғалиұлы.
Форумға арнайы шақырылған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Сүлейменова Жарқынбике Нуайқызы (Алматы қ.), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым және білім мәселелері жөніндегі вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы (Астана қ.), «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ӘдістемеLab бөлімінің ғылыми қызметкері, докторант Зинедина Айерке Сағынғалиқызы (Астана қ.), «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» Лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің аға менеджері Хасенова Алтынгүл Төлегенқызы (Астана қ.) баяндама жасады.
Шара пікір алмасумен жалғасып, мемлекеттік тілдің пайдалану аясын кеңейтуге сүбелі үлесін қосып жүрген тіл жанашырларын марапаттаумен аяқталды.