Бүгін «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының, діни бірлестіктер мен саяси партиялардың өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін ілгерілету жөніндегі кездесу өтті.

Кездесудің спикерлері Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Кәрімова, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Аяғанова, Ақмола облысы дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Қасенов, облыстық «Науан Хазірет» мешітінің ұстазы С.Халықов, «Ақмола облысының евангелиялық-лютерандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Э.Красовский сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің, құқықтық сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы жайлы баяндады.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктердің және саяси партиялардың өкілдері жастармен отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталған ауқымды жұмыстары жайлы айтып, жемқорлықпен күрес мәселелерін талқылады.