
Бүгін Достық үйінде Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі С.Кенжебаевтың қатысуымен облыстық ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу өтті. Шараға облыстық ассамблеяның және оның қоғамдық құрылымдарының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері бұл кездесуге Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды.
Кездесу барысында спикерлер қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдары бойынша өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар ұсыныстарымен бөлісіп, келешекте оларды жүзеге асыру үшін нақты қадамдар айқындалды.