«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза өлкем» бағыты бойынша Қопа қөлінің жағалауы қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза өлкем» бағыты бойынша Қопа қөлінің жағалауы қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді

Қопа көлінің жағалауын тазарту бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді.

         Іс - шараның негізгі мақсаты - қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам - Адал еңбек-Адал табыс» ұжырымдамасы негізінде патриотизм, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу болып табылады.  

Акцияның ұйымдастырушылары мен бастамашылары болып Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты, жастар ұйымдары, сондай-ақ белсенді жастар, студенттері мен еріктілері саналады.

«Айта кету керек, акцияның әрбір аптасы арнайы тақырыптарға арналады. Алғашқы апта «Таза өлке» күні шеңберінде тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізсе, екінші апта «Киелі мекен» күні тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады. Үшінші апта «Жасыл аймақ» күні. Бұл күні ағаш көшеттерін отырғызу, айналаны әктеу жұмыстары жүргізіледі. «Өнегелі ұрпақ»  күні деп аталатын акцияның төртінші аптасында  ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстарына үлес қосу негізгі мақсаттардың бірі болмақ. Бесінші апта «Мөлдір бұлақ» күнінде өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалау ұйымдастырылады.

«Бүгінгі акцияға облыстық мәслихат депутаты – Омар Шоназаров, «Ауыл» партиясы мүшелері, ұйымдастырушылар және 100-ден аса қала студенттері қатысты. Жалпы алғанда 500 кг жуық қоқыс жиналды. Біз, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы баршаңызды қоршаған ортамызды, табиғатымызды таза ұстауға шақырамыз» - дейді өз сөзінде облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков.