Облыс орталығында су тасқынынан зардап шегушілерге көмек көрсетілуде

Облыс орталығында су тасқынынан зардап шегушілерге көмек көрсетілуде

Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында гуманитарлық көмек жиналуда.

         Ақмола облысы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі, «Biz Birgemiz Qazaqstan» ҚҚ қолдауымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Волонтерлік желісімен бірлесіп, өңірімізде орын алған су апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын бастады.

         Ең алғашында ұзақ мерзімде сақтауға болатын азық-түлік пен тұрмыстық химия, гигиеналық керек-жарақтарды алдын-ала бөлінген қомақты қаражатқа зардап шеккен 20 отбасыға таратылды.

         «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы бойынша филиалы,  облыстық Жастар-ресурстық орталығымен бірлесе гуманитарлық көмек қабылдау бекетін аштық. Ол жерге қаржылай емес, киім-кешек, гигиеналық заттар және басқаларды жинаудамыз. Тапсыратын киімдер таза немесе жаңа болуы тиіс» - дейді «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі басшысының міндетін атқарушысы Дидар Хамзин.