Ақмолалық еріктілер атсалысуда

Ақмолалық еріктілер атсалысуда

Целиноград ауданы Қараөткел ауылында еріктілер қарт адамдарға аулаларды қардан тазалап, арықтар жасауға көмектесті. 30 наурыз күні еріктілер 500 дана құм салынған қаптар дайындап қойса, апаттың келесі күнінде Қошқарбаев ауылы - 750 дана, Қабанбай ауылы - 750 дана қаптармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ волонтерлер құтқарушылармен зардап шегушілерге ыстық шәй мен тамақ дайындады.

         Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы қалаға су келу қаупі бар аумақтағы су бөгетін нығайтуға 150 адам, 4 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. 200 тонна инерттік материалдар қаптарға салынып, төселуде. Сонымен қатар, қаланың жеке шағын аудандарында 9 арнайы техниканың көмегімен қар шығарылуда. 19 шағын ауданда, Арал және Қажымұқан көшелерінде 5 сусорғыш машина еріген қар суларын тасуда. Тайтөбе ауылында ұзындығы 1 шақырым жерге судан қорғау бөгеті жасалынып жатыр, оған 3 арнайы техника жұмылдырылған. Осы бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғаса береді.

         Ерейментау аданының ЖРО және Агротехникалық колледжінің еріктілері қала әкімдігіне су тасқынына қарсы жұмыста көмек көрсетті. Еріктілер қаптарды (шамамен 45 қап) инертті материалмен толтырып, оны суға батып кетуден құтқару үшін су астында қалу қаупі бар үйдің біріне қойды. Іс-шараға барлығы 7 адам қатысты.

         Бурабай ауданында қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Жұма және сенбі күндері су тасқынымен күресетін адамдарға гуманитарлық көмек көрсетілді (ыстық шай, бауырсақ). Олар коммуналдық қызмет қызметкерлері, ТЖМ қызметкерлері және кадеттер. ЖРО-мен бірге Щучинск қаласының «Лидер.кз. Доброе сердце» еріктілері шықты. Жалпы саны 5 адам.

         Атбасарда 15 адамнан тұратын еріктілер штабы құрылды. Су басу аймағында тұратын тұрғындарға хабарламалар таратылады. Сондай-ақ, жалғыз тұратын зейнеткерлерге арықтар мен қарды тазартуға көмек көрсетіледі.

         Аршалы ауданында еріктілер құммен су тасқынын шектеу жұмыстарымен айналысуда.

         Зеренді ауданының Шағалалы ауылынан 20 ерікті, Садовый ауылынан 5 және Алексеевка ауылынан 10 еріктілер ұстаздар атсалысуда.

         Сандықтау ауданында штаттық режимде жұмыс істелінуде. Осы кезеңде еріктілер негізінен жалғыз басты зейнеткерлерге көмектесуде. Олар тұрғын үй учаскелерінің су басуына жол бермеу үшін аулалардан су шығуы үшін ағындар, арықтар жасауда. Әр ауылдық округте 7-10 ерікті бар. Шамамен 70-85 адам қатысты.

         Ал Көкшетау қаласы бойынша Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі және «Доброе сердце. Лидер.кз» ҚҚ еріктілері ТЖ қызметкерлерімен мұқтаждарға арнап ыстық тағамдар дайындады. Сондай-ақ, эвакуациялау, бағалы заттарды сақтап, алып шығу,  ТЖ және ПД қызметкерлерін және барлық мұқтаж жандарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.        Сонымен қатар, су ағындарын инертті материалмен себу, арықтарды ашу және қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта екі мекен-жай бойынша гуманитарлық көмек орны бекітіліп, пункт қажетті заттарды қабылдауда. Соның бірі Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығы жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі мен «ҚР Қызыл Жарты Ай» ҚБ Ақмола облысы бойынша филиалы бірлесе, М. Сағдиев к-сі 29, 1 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан пункті.  Бүгінгі күні аталмыш қабылдау пунктінде 800 кг-ға жуық қажетті заттар жиналды.

         Шамамен 50 еріктілердің қатысуымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен 50 адамға гуманитарлық көмек көрсетілді.