Ішкі саясат басқармасының басшысы А.Алин апталық аппараттық кеңес өткізді

Ішкі саясат басқармасының басшысы А.Алин апталық аппараттық кеңес өткізді

Бүгін ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Аянұлының төрағалығымен кезекті апталық аппараттық кеңес өткізілді. Аппараттық кеңестің күн тәртібінде - өткен аптаның қорытындылары және жаңа апта жоспары талқыланды. Отырыс барысында ведомстваға бағынысты ұйымдар, басқарма орынбасарлары және бөлім басшылары жұмыстың жай-күйі мен жұмыс қорытындылары жайлы баяндады.

Аппараттық кеңес апта сайын мемлекеттік тілде өткізіледі. Осыған байланысты басқарма басшысы мемлекеттік тілді дамытуға және оны Ақмола облысының халқы арасында танымал етуге ерекше назар аударылуға тиіс екенін атап өтіп, тілдер бөлімі және «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-не бірқатар тапсырмалар берді. «Қоғамдық келісім» КММ-де қазақ тілін үйренемін деуші азаматтарға тегін оқу курстары өз жұмысын бастады.

Басқарма басшысы ақпарат мәселелеріне тоқталып, БАҚ өкілдері арқылы тарап жатқан күнделікті таралымдарының шалғайдағы елге жеткізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.