Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы ағашы» ағаштарды отырғызу республикалық акциясы

Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы ағашы»  ағаштарды отырғызу республикалық акциясы

Ағымдағы жылғы 13 мамыр күні Көкшетау қаласында   Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында  «Отбасы ағашы»  ағаштарды отырғызу республикалық акциясы өтті. Аталған акция «Мерейлi отбасы-2022» Ұлттық конкурсының басталғанын жария етті.

Іс-шараның мақсаты -  отбасы институтын нығайту, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Аталған акцияға үлгілі отбасылар, көп балалы отбасылар, жас отбасылар, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қатысушы отбасылары, ҮЕҰ, қоғамдық ұйымдар қатысты.

Акция қатысушылары 15-тен аса ағаш отырғызды.

Сонымен бірге, іс-шара аясында еңбек, мұғалімдер, спорт әулеттері мен көп балалы және  «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына қатысқан отбасыларды салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті: мұғалімдер Рысбаевтар отбасы, ауыр атлетика бойынша Азия және Қазақстан чемпиондарынан құралған спортшылар әулеті Копытовтар отбасы, еңбек әулеті Хазовтар отбасы, көпбалалы Камариденевтер отбасы марапатталды. Естелік және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары: Ақмола облысының әкімдігі, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, Көкшетау қаласының әкімдігі.