Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар кеңесі өтті

Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар кеңесі өтті

"Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" ММ басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әрекет етеді, ол өз кезегінде басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға ықпал етеді.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және қорытынды талдау анықтамасын дайындау бойынша жұмыс орындалды. Іс-шарада "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының нормалары қаралды, жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштері негізінде қозғалған әкімшілік рәсімдерді тіркеу/тіркеуден бас тарту және қарау/қайта бағыттау тәртібін, мерзімдерін сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.