Ақмола облысында Жеңіс күні атап өтілуде

Ақмола облысында Жеңіс күні атап өтілуде

Бүгін Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге орай өңірде бірқатар мерекелік іс-шаралар өтуде.

Облыс орталығының «Абылай хан» алаңында - «Ер есімі-ел есінде!», «Бейбітшілік терезелері», «Жеңіс» музыкалық акциясы, облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» акциялары өткізілуде. Онлайн форматта «Батырлаға тағзым» акциясы жалғасуда.

Батыр Т.Бигелдинов, М.Ғабдуллинның 100 жылдығына арналған «Ешкім де, еш нарсе де ұмытылмады» атты екінші дүниежүзілік соғыс батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жүргізді.

Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, Қазақстан халқының жалпы Жеңіске қосқан үлесі баға жетпес. 71 ақмолалық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

«Жеңіс күні - бұл біздің халқымыздың ұлы жетістіктерге қабілетті екенін еске салатын мереке. Біздің отандастарымыз барлық маңызды шайқастарға қатысты. Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен даңқты батыр – ардагерлеріміздің батылдығы мен батырлығын әрдайым есте сақтайтын боламыз. Біздің өмір сүру, бостандық және жарқын болашақ құқығымыз үшін шайқасқа түскен батырларды еске алу күнімен! Әрбір қазақстандық үшін бұл мереке ерлік дәстүрлерінің сабақтастығымен, бейбітшілікті сақтау үшін ерлік пен батырлықтың көрінісімен тығыз байланысты», - деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Еске салайық, соғыс жылдарындағы оқиғалар көптеген отбасыларды – ақмолалықтарды қамтыды, 90 мың адам майданға аттанып, 37 мыңнан сәл астамы ғана елге оралды.

Қазір облыста Жеңістің жақындауына үлкен үлес қосқан 10 майдангер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және 5 мыңнан астам тыл еңбеккерлері тұрады.

Көкшетауда қалған жалғыз ардагер Казимир Беймартқа салтанатты түрде «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Бұл күні қонақтар мен тұрғындар үшін сүйікті халық әндері шырқалды: «Ақ көгершін», «Катюша», «Огонек», «В землянке», «Жеңіс күні», «Эх, дороги», «Смуглянка», «Синий платочек», «Три танкиста».

Іс – шараның соңында арнайы шақырылған қазақстандық танымал эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаева және «АІ театр» театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынды.