Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жарияланған облыстық конкурс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жарияланған облыстық конкурс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жарияланған облыстық конкурс

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Конкурс Ақмола облысының БАҚ өкілдері, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері арасында өткізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік  журналистік  жұмыстар сарапқа салынады.

1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы  болып табылады.

 

  1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

2.1. Конкурстың мақсаты – сыбайлас жемқорлық мәселесіне жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің назарын аудару, құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі шараларды жетілдіру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін кеңінен және объективті жария еткені үшін журналистердің шығармашылық белсенділігін көтермелеу.

2.2. Конкурстың міндеттері:

а) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту;

б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;

в) БАҚ-пен өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру;

г) журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру;

д) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім қызмет салаларында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

 III. Конкурсты ұйымдастыру

3.1. Конкурс осы Ереже жарияланған күннен басталады.

3.2. Конкурсқа 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында баспа БАҚ-та, ақпараттық агенттіктерде жарияланған журналистердің авторлық жұмыстары, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнесюжеттер, телебағдарламалар қабылданады.

3.3.Телевизиялық хабарлар, сюжеттер конкурсқа CD/DVD-дискілерде қабылданады, баспа жұмыстары газет немесе басқа да жарияланымдары (көшірмелері) бар альбом түрінде немесе файлдары бар папкалар (материалдың атауын, басылымға шығатын нөмірі мен күнін көрсете отырып) ұсынылуы тиіс. Ақпараттық агенттіктердегі материалдар.Материалдың атауы мен шыққан күні көрсетілуі тиіс.

3.4. Әрбір қатысушы конкурсқа баспа БАҚ-та, ақпараттық агенттіктерде жарияланған кемінде үш тақырыптық авторлық жұмысты, бейнесюжеттер мен телебағдарламаларды ұсынуы тиіс.

3.5. Әрбір қатысушы өтінімді ресімдейді, онда БАҚ, номинация атауы, аты-жөні, пошталық мекенжайы және телефон нөмірі көрсетіледі, сондай-ақ, жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.

3.6. Қатысушы бірнеше номинацияға өтінім бере алады.

3.7. Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар Ішкі саясат басқармасына 2021 жылғы 10 қарашаға дейін ұсынылады (Сәтпаев     к-сі 1 «б», 244-кабинет, тел. 72-20-05) .

3.8. Конкурстық жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

3.9. Қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді.

 

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

 «Үздік телевизиялық жұмыс»

Ұсынылған бейнесюжеттер мен телебағдарламалар телевизиялық контентті құрудың сапалы тәсілдемесіне, өндірістің әрбір кезеңінің кәсіби деңгейіне, тақырыптың мазмұнын ашудағы дәйектілік пен объективтілікке назар аударылады.

 

  1. «Үздік баспа басылымы»

Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған материалдар. Қамтылған фактілердің кеңдігіне, талдаудың толықтығына және қорытындылардың сапасына, тақырыптың мазмұнын ашудағы дәлелділік пен объективтілікке, тілдің және баяндау стилінің дәлдігі мен анықтығына назар аударылады.

 

  1. «Үздік интернет-жарияланым»

Республикалық және өңірлік ақпарат агенттігінде жарияланған материалдар қабылданады. Мәселені талдаудың тереңділігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері, мазмұндау стилі, авторлық тұжырымдаманың дербестілігіне баса назар аударылады.

 

  1. Конкурстық жұмыстарға арналған талаптар:

Конкурсқа ұсынылатын материалдар келесі талаптарға сай болуы тиіс:

- белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

- мәселені талдау тереңдігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;

- мазмұндау стилі ;

- авторлық  ойдың  дербестілігі;

- журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі;

- материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігі.

 

  1. Авторлық құқық

5.1. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты болады. Конкурсқа қатыса отырып, автор байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында, әлеуметтік желілерде орналастыру) пайдалануға автоматты түрде құқық береді.

 

  1. Өткізу тәртібі және қорытындылау

6.1.  Конкурстық материалдарды қарастыру және номинацияларды беру үшін конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссияның құрамы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

6.2. Конкурстық комиссия төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады.

6.3. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының өкілдері, журналистика ардагерлері, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

6.4. Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия қарайды және бекітеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау туралы шешім оның құрамының 2/3 кем емес бөлігі болған кезде конкурстық комиссия отырысында көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

6.5. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша әр номинацияда бірінші, екінші және үшінші орын алған үздік жұмыстар анықталады.

6.6. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр номинация бойынша дипломдармен және арнайы сыйақылармен марапатталады.

Бірінші орынға - 70 мың теңге сомасындағы сертификат, екінші орынға - 50 мың теңге және үшінші орынға-30 мың теңге.

6.7. Конкурс қорытындысы 2021 жылдың 20 қарашасына дейін шығарылады.

6.8. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастыру алқасының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталады.