Ақмола облысында су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасуда

Ақмола облысында су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасуда

Ақмола облысында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Атақты ақын Біржан салдың туған жерінде бұл мәселеге ерекше мән беріледі. 1042 тұрғын тұратын Үлгі ауылында су құбыры желілерін қайта жаңартуға жоба әзірленді. Кентішілік су таратқыштың жалпы ұзындығы 23,5 км құрайды, барлық жоспарланған жұмыстар аяқталғаннан кейін орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне 274 аула қосылатын болады.

"Су тазарту қондырғыларының аумағында реттеуші және өртке қарсы су қорын сақтау үшін жалпы көлемі 700 м3 таза судың екі темірбетон резервуарын орнату қарастырылған.Конкурстық рәсімдер өткізілді",-деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қанат Иманқұлов.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін су тарату пункттері Орнатылатын ауданның тағы 9 ауылы жергілікті биліктің назарында.

Айта кетейік, облыста 2020 жылдың қорытындысы бойынша 54 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу және жөндеу бойынша 62 жоба іске асырылды. Барлығы облыс бойынша орталықтандырылған сумен 380 елді мекен қамтылған, орталықтандырылмаған сумен – 207.