«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымына дауыс берудің мерзімі ұзартылды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымына дауыс берудің мерзімі ұзартылды

Қазақстандықтардың көптеген өтініштері бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымындағы халықтық дауыс беру 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін ұзартылды.
Жобаның 2 790 қатысушысы арасынан ұнаған үміткерлерді таңдау үшін 100janaesim.ruh.kz веб-сайтында дауыс беру процедурасынан өтуіңіз керек. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар шет елдердің тұрғындары да өз кандидаттарын белсенді қолдап келеді.
Ұйымдастырушылар ережелерді бұзушылықтарды немесе басқа да фальсификацияларды, оның ішінде онлайн-дауыс беру кезінде дауыстарды алдап жинауды анықтаған жағдайда қатысушыны жобадан шығаруға құқылы. Әрбір санатта бір IP-адрестен бір адамға ғана дауыс беруге болады. Қатысушылардың дауыстары сауалнаманың жоғарғы оң жағында көрсетілген.
IV маусымның жеңімпаздары дауыс беру нәтижелері бойынша және беделді қазылар алқасы жұмысының нәтижелері бойынша анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы іске қосылған кезден бастап, яғни 4 жылдың ішінде, 163 финалист анықталды. Биыл жоба Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.